Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясы профессор-оқытушы құрамы мен білім алушылары «Ұлттық диктант» іс-шарасына белсене қатысты

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күні мекрекесінің аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Ұлттық диктант» жобасы табысты өткізілді.

Бұл жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау.

Академияда өткен ұлттық диктантқа 50-ден астам профессор-оқытушы және 200-ден астам білім алушылар қатысып, өздерінің мемлекеттік тілге деген құрметін, сауаттылық деңгейін және қоғамдық белсенділігін көрсетті.

«Ұлттық диктант» – тек білім мен сауаттылық көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге тілге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Аталған жобаға белсенді түрде қатысқан барлық қызметкерлер мен білім алушыларға алғысымызды білдіреміз.