Сайт бойынша іздеу
Академия білім алушылары үшін МӘМС туралы түсіндіру жұмысы

Қазақ ұлттық хореография академиясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдерінің Академия білім алушыларымен кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ жүйеге қатысу және медициналық қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Кездесу барысында ең өзекті сұрақтарға жауаптар берілді: МӘМС жүйесіне кімдер қатысады, қай санаттағы азаматтар жарна төлеуден босатылады, жүйе аясында қандай медициналық қызметтер қолжетімді, сондай-ақ студенттер өздерінің сақтандыру мәртебесін қалай тексере алатыны туралы айтылды.

Қор өкілдері жастарды денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы уақтылы ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтіп, МӘМС жүйесіне қатысу тек кең көлемді медициналық қызметтерге қолжетімділік қана емес, сонымен қатар өзінің денсаулығы мен амандығына қосқан үлес екендігін ерекше атап өтті.