Сайт бойынша іздеу
Баку хореография академиясының басшылығы Академияға сапармен келді

2025 жылғы 12–14 желтоқсан аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясына Баку хореография академиясының ректорының міндетін атқарушы, Әзербайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Наиля Маммад-заде ресми сапармен келді.

Ұзақ мерзімді әріптестік аясында қонақ Академияның білім беру қызметіндегі тәжірибесімен, атап айтқанда заманауи технологияларды енгізу, оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған әдістемелік тәсілдер мен инновациялық тәжірибелермен танысты. Сапар барысында Наиля Маммад-заденің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесулері өткізіліп, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асырудың перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында хореографиялық білім беру саласында цифрлық ортаны қалыптастыруға, жасанды интеллектті, мультимедиялық құралдар мен цифрлық платформаларды қолдануға ерекше назар аударылды. Бұл мамандарды даярлау тиімділігін айтарлықтай арттырып, практикалық оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Тараптар Академиялар арасындағы академиялық және шығармашылық байланыстарды нығайта отырып, әріптестіктің жаңа форматтарын дамытуға үміт білдірді.