1 «А» және 1 «Б» сыныптарында «Рахмет саған, Әліппе!» атты әліппемен қоштасу мерекесі өтті.
Оқушылар екі тілде өлең оқып, ән айтып, тамаша би биледі.
Бұл іс-шараның мақсаты – алған білімдерін пысықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсету, олардың белсенділігін арттыру және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Әліппемен қоштасу мерекесі жоғары деңгейде өтті.
Балаларға ұқыптылықты, бір-біріне деген құрметті дарытып, іс-шаралар кезінде өзін мәдениетті ұстауға үйретіп жүрген мұғалімдерге зор алғысымызды білдіреміз!
Мерекелік көңіл күй сыйлаған бүлдіршіндер өздерінің білімді әрі талантты екенін көрсетті!