Академиядағы жаңа жұмыс аптасы «Халықаралық диалогтық алаң» жобасы аясында Zoom форматындағы кезекті онлайн-кездесумен басталды.
Кездесудің тақырыбы: «Әр қадамдағы сенімділік».
Жобаның авторы – өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық хореография академиясы хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақстан Республикасы Спорттық би федерациясы қауымдастығының төрешісі Евгений Моисеев.
Спикер ретінде әлеуметтік психология магистрі, спорттық психолог Елена Рузина (Санкт-Петербург қ., Ресей) сөз сөйледі.
Елена Рузина өткен материалды тыңдаушылармен – Академия студенттерімен – спорттық бал билері бойынша болашақ педагогтермен қайталады, сондай-ақ ой жүгірту үшін жаңа ақпарат берді: Струп-тест, жарыс уақытына шоғырлануға арналған техникалар және сананы қорқыныштардан босату әдістері.