Қазақ ұлттық хореография академиясында бірінші курс студенттеріне арналған академиялық ұтқырлық мүмкіндіктеріне қатысты кездесу өтті. Өнер факультетінің «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері – Ләззат Аманғазы (4-курс) және Сабина Рамазанова (3-курс) Латвиядағы оқу тәжірибесімен бөлісті.
Студенттер ұтқырлыққа өтініш беру тәртібі, қажетті құжаттар, еуропалық университетте оқу ерекшеліктері және жаңа мәдени ортаға бейімделу туралы әңгімелеп берді. Ләззат пен Сабина, сонымен қатар, халықаралық тәжірибе кәсіби ой-өрісті кеңейтуге, дербестікті дамытуға және арт-менеджер дағдыларын нығайтуға қалай көмектесетіні туралы бөлісті.