Қазақ ұлттық хореография академиясында «Креативті арт-индустрияларды дамытудың әлемдік үрдістері» тақырыбында семинар өтті. Спикер ретінде өнертану және арт-менеджмент кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Александр Пягай сөз сөйледі.
Ол шикізаттық компаниялар мен креативті индустрия саласында жұмыс істейтін компания-лардың инвестициялық тартымдылығын нарықтық көрсеткіштер арқылы қалай салыстыруға болатыны туралы айтып берді. Бұл деректер өнер саласындағы басқаруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Семинарда тәжірибеге ерекше назар аударылды: контентті қалай жасау және тарату, аудито-риямен жұмысты ұйымдастыру және авторлық құқық арқылы табыс табу жолдары қарасты-рылды. Мұның бәрі креативті жобалардың тұрақты дамуына ықпал етеді.
Сондай-ақ Қазақстан үшін маңызды мәселелер қозғалды — зияткерлік меншікті қорғау, ма-мандар даярлау, цифрлық ілгерілету және креативті қызметтер экспортын дамыту.