Қазақ ұлттық хореография академиясында шетелдік қонақтар – Мариин театрының экс-солисі, қоюшы-хореографтың ассистенті Мария Аджамова мен қоюшы-хореограф әрі «Context» труппасының көркемдік жетекшісі Кирилл Радев үшін таныстыру экскурсиясы өтті.
Сапар аясында негізгі назар Академиямен, оның ауқымды инфрақұрылымымен және оқу жағдайларымен танысуға аударылды. Қонақтар оқу кешенін аралап, репетиция залдарын, балет сыныптарын және басқа да негізгі нысандарды көрді. Оларға мекеменің білім беру қызметі, оқу және шығармашылық процестерді ұйымдастыру, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен ұстаздардың өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берілді.
Мария Аджамова мен Кирилл Радевтің ерекше қызығушылығын академиялық білім мен кәсіби хореографиялық оқытуды ұштастыратын жас білім алушыларды даярлау жүйесі тудырды.
Академияның материалдық-техникалық базасымен және шығармашылық мүмкіндіктерімен танысу кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.