Сайт бойынша іздеу
Академияда актер Қобыланды Болат пен продюсер Ерғұлан Жанпейісовпен шығармашылық кездесу өтті

Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында ерекше шығармашылық күн болды. Академияға театр және кино саласының танымал өкілдері – «5:32» веб-сериалының басты актері Қобыланды Болат және Four Media продюсерлік орталығының директоры, жас әрі талантты продюсер Ерғұлан Жанпейісов қонақ болып келді.

Қобыланды Болат – өзіне тән харизма мен кәсіби шеберлігі арқылы бірнеше тележобаларда есте қаларлық рөлдерді сомдаған актер.

Ерғұлан Жанпейісов – медиа саласының дамуына серпін беріп жүрген, жаңа жобаларға батыл қадам жасайтын продюсер. Кездесу барысында қонақтар студенттермен өнер индустриясындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жеке бренд қалыптастыру, артистің кәсіби өсуі және қазіргі шығармашылық әлеміндегі жаңа мүмкіндіктер туралы құнды әрі мотивациялық пікірлер айтты.

Кездесу Академия студенттері үшін нағыз шабытқа толы, әсерлі кездесу болды. Академия қабырғасында жылы атмосфера орнап, студенттер өздеріне қажет көптеген маңызды ақпарат алды. Алдағы уақытта да бұл байланыс жалғасып, жаңа бірлескен мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз.