2026 жылғы 19 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясында (Астана қ.) «Балет гимнастикасы (ритмика)» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Оқу барысында қатысушылар қозғалыс үйлесімділігін, икемділікті, музыкалық қабілетті, ырғақ сезімін және дұрыс дене қалпын дамытуға бағытталған балет гимнастикасы мен ырғақ сабақтарын өткізудің заманауи әдістемелерімен танысты. Практикалық жаттығуларға, оларды білім беру процесінде қолдану ерекшеліктеріне, сондай-ақ әртүрлі жас санатындағы білім алушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдарға ерекше назар аударылды.
Шеберлік сабағын Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушы-сарапшысы, хореография өнерінің магистрі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Тазабекова Лиана Вильсуровна өткізді.
Қатысушылар оқытудың жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған материалдың тәжірибелік маңыздылығын және алған білімдерін педагогикалық қызметте тиімді қолдануға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.