Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің қойылымына қатысып, Мемлекеттік опера және балет театры – «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті.
Болашақ әртістер гүлдер вальсін тамаша орындап, тек техникасын ғана емес, сонымен қатар жарқын көркемдік шеберліктерін де көрсетті. Мұндай қойылымдарға қатысу – жас бишілер үшін кәсіби сахнада жұмыс істеудің баға жетпес тәжірибесі, сондай-ақ үлкен театр атмосферасына енуге мүмкіндік береді.
Олардың өнері балеттің шынайы көркіне айналып, көрермендерді шынайы орындауымен және күтпегендей жетілген сахналық шеберлігімен баурап алды. Бұл тек қойылымның бір бөлігі ғана емес, Академия қабырғасындағы дәстүр сабақтастығы мен жоғары дайындық деңгейінің жарқын көрінісі болды. Мұнда тәжірибелі педагогтар жаңа буын әртістерін тәрбиелеуге жанын салып, бар шеберлігін арнауда.
Айта кететін жайт, балеттің осы нұсқасының премьерасы 2025 жылдың жазында өтті және бұл ерекше оқиға болды: Қазақ ұлттық хореография академиясы Орталық Азиядағы жетекші балет оқу орны – болашақ сахна жұлдыздарының ұстаханасы мәртебесін тағы да дәлелдеді.