2025 жылдың қыркүйек айында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 1–5 сынып оқушыларына арналған «Біз бір командамыз» тақырыбында тренингтер өткізілді. Бұл тренингтер педагог-психологтардың бастамасымен оқушылардың бейімделуін жеңілдету және жаңа ұжымда достық атмосфера қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Тренинг барысында балалар түрлі қызықты тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бір-бірімен танысып, ынтымақтастық, сенім мен өзара қолдау дағдыларын дамытты. Интерактивті формат әр оқушыға өзін команда мүшесі ретінде сезініп, белсенділік танытуға және жаңа ортада ашылуға мүмкіндік берді. Жаттығулар сынып ішіндегі жағымды эмоционалды ахуалды қалыптастыруға және оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.