Сайт бойынша іздеу
Тукеев Мұрат Орындықбайұлы
Аға оқытушы
ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАРЫ, МАРАПАТТАРЫ

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (16.06.1993).

БІЛІМІ
  • 1971–1979 жж. – Алматы мемлекеттік хореография училищесі.
  • 1994–1997 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
  • 08.1979–04.1984 – «Алматының жас балеті» ұжымының балет солисі.
  • 04.1984–1991 – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет солисі.
  • 11.1984–11.1986 – Кеңес Армиясында қызмет атқарған: Қиыр Шығыс әскери округінде аға радиотелеграфист (Владивосток), мерзімді әскери қызметшілердің ән-би ансамблі бөлімшесінің командирі (Хабаровск).
  • 1991–2001 – Абай атындағы театрдың жетекші сахна шебері (балет премьері). 30-дан астам жетекші партияны орындаған, оның ішінде «Аққу көлі» (Зигфрид), «Ұйқыдағы ару» (Дезире), «Щелкунчик» (Ханзада), «Дон Кихот» (Базиль), «Жизель» (Альберт), «Корсар» (Конрад), «Бақшасарай бұрқағы» (Вацлав, Нұралы, Гирей), «Франческа» (Паоло, Джотто), «Пахита», «Шопениана», «Спартак» және театрдың ұлттық әрі заманауи репертуары.
  • 11.1996–08.2002 – Абай атындағы театрдың балет труппасының директоры.
  • 08.2002–08.2016 – Абай атындағы театрдың педагог-репетиторы, қоюшы балетмейстері.
  • 08.2002–08.2016 – А. В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің классикалық және дуэттік-классикалық би педагогі.
  • 09.2015–06.2016 – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хореография факультетінің доценті, арнайы пәндер бойынша кеңесшісі.
  • 08.2016–04.2021 – Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультетіндегі режиссура кафедрасының доценті, меңгерушісі.
  • 04.2021–04.2025 – А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі директорының міндетін атқарушы.
  • 08.2025 бастап – «Астана Балет» театрының педагог-репетиторы және Қазақ ұлттық хореография академиясының арнайы пәндер бойынша аға оқытушысы.
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ / АЛҒЫС ХАТТАРЫ
  • 1983 – Киев қаласындағы «Алтын күз» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты.
  • 2005, 2006, 2007, 2008, 2021 және 2023 жылдары оқушыларды халықаралық байқауларға дайындағаны үшін дипломдармен марапатталған.
  • 2023 – ТҮРКСОЙ ұйымының Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған медалі; Еуразиялық мәдениет қорының Олжас Сүлейменов атындағы медалі.
  • Еуразиялық мәдениет қорының «Мәдениет қайраткері» медалі; 2024 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 90 жылдығына арналған мерейтойлық медаль.