Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2009);
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы (2018);
«Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2018);
ҚР Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері (2019);
«Балетмейстерлік шеберлік» номинациясы бойынша Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ биі байқауының 1 дәрежелі лауреаты (2019);
Қазақстан Республикасының Халық әртісі Гүлжан Талпақованың I Халықаралық әлем халықтары би фестивалі-байқауында «Қос Алқа» қазақ халық биінің үздік қойылымы үшін диплом және сыйлық иегері (2019);
«YOUTH AMERICA GRAND PRIX» халықаралық байқауында «Best Choreographer Award» дипломымен марапатталған (2019);
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапаттады (2021);
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қолы қойылған «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2022);
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің аттестаттау комиссиясының шешімімен педагог-шебер біліктілік санаты берілді (2023);
Еуразиялық мәдениет қорының президенті Ерұлан Қанапьянов қол қоюымен «Мәдениет қайраткері» құрметті атағымен және белгісімен марапаттады (2023);
«Ұлттық биді дамытқаны және насихаттағаны үшін» Freedom Ballet сыйлығымен марапатталды (2023);
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолы қойылған «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2023).
Қырғыз Республикасының өнертану кандидаты
А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, балет әртісі
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, педагог-хореограф
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, өнер магистрі
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының А.А. Алтмышбаев атындағы Құқық философиясы және әлеуметтік-саяси зерттеулер институты, өнертану кандидаты
30 еңбегі, оның ішінде 4 кітап, БҒСБК журналдарында және Scopus базасында ұлттық балет өнері мәселелері бойынша мақалалары жарық көрді.
Телевизиялық бағдарламаларға, Қазақстанның хореографиялық өнер тарихы бойынша 3 деректі фильмге 3 сценарий жазылды.
50-ден астам хореографиялық композиция, 2 бір актілі неоқазақ хореографиясы стиліндегі балет қойылды.
Қазақ биі, неоқазақ хореографиясы, ұлттық хореографиялық өнер тарихы туралы 30 шеберлік сабағы өткізілді.
Халықаралық конкурстардың (Германия, Франция, Латвия, Италия, Австрия, Испания, Англия, Канада, АҚШ, Швеция, Жапония, Греция, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Шешенстан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан), фестивальдердің (Франция, Жапония, Түркия, Қытай, Тайланд, Башқұртстан) 30 лауреаты мен гран-при иегерлері дайындалды.
Қазақ биі, неоқазақ хореографиясы, ұлттық хореографиялық өнер тарихы бойынша 30 шеберлік сабағы өткізілді (Латвия, Түркия, Таиланд, Польша, Қытай, Италия, Қырғызстан, Қазақстан).
А. Садықованың шығармашылық қызметі бірнеше рет дипломдармен, халықаралық хореографиялық конкурстардың сертификаттарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, А.В. Селезнев атындағы АХУ басшылығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры, CID UNESCO, ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясы, Владимир Спиваков халықаралық қайырымдылық қоры, Қазақ ұлттық өнер университеті, Балет және ұлттық биді дамыту және қолдау қоры, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы, «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы және тағы басқа ұйымдардың алғыс хаттарымен, дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды (2005 жылдан 2024 жылға дейін 60-тан астам).