Сайт бойынша іздеу
СЕЙДАХМЕТОВА РИММА ҒАНИҚЫЗЫ
Доцент
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ/ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ:

филология ғылымдарының кандидаты (10.02.01-орыс тілі), филология ғылымдарының докторы (10.02.01-орыс тілі), тіл білімі мамандығы бойынша доцент.

БІЛІМІ:

- С. М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, орыс тілі мен әдебиет оқытушысы;

- С. М Киров атындағы ҚазМУ- дің аспирантурасы (10.02.01-орыс тілі).

ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

130-дан астам ғылыми еңбектердің авторы (оның ішінде: 10 оқу құралы, 3 сөздік, жеке 1 монография және авторлар бірлестігімен 2 монография, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінІң журналдарында 20-дан астам мақала); 26 әдістемелік құралға авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар.

ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Егемен Қзақстан жағдайындағы қазақ және орыс тілдерінің лингвомәдени өзара әрекеттеуі» (2006-2008), «Жоғары мектепте орыс тілі мен әдебиеті бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді оңтайландыру "(2006-2008), «Орыс тілі қазақ әдеби тілі ғылымдағы терминоголиялық аудармашысы ретінде (2009-2011), «Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын өтпелі академиялық саралау әдістемесінің ғылыми негіздері» (2012-2014), «Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың шарты ретіндегі филологиялық білім мазмұның ғылыми-әдістемелік негіздері» (2012-2014), «Қазақстанда көптілділік саясатын іске асыру жағдайында педагог кадрлардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру "(2015-2017), «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның БАҚ және олардың қоғамдық сананы жаңғыртуға әсері (лингвистикалық аспект)» (2018-2020) атты іргелі және қолдаңбалы бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеу жұмысының қатысушысы.


МАРАПАТТАР, ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ/ АЛҒЫС ХАТ:

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2010» гранттының иегері, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен (2009), "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрмет грамотасымен (2023) марапатталған.