6В02111 Балетмейстер өнері
6В02111 Балетмейстер өнері білім беру бағдарламасы жеке қабілеттерін жан-жақты дамытуға және сахналық жұмыс дағдыларын меңгерген, әлемдік хореографияның тарихын, реформаларын, қазіргі даму тенденцияларын және театр өнері, музыка индустриясы, бұқаралық-ойын-сауық іс-шаралары саласындағы өндірістік процестерді білетін, ел ішінде кәсіби хореографиялық өнерде өзінің шығармашылық ойларын іске асыруға қабілетті балетмейстерлерді, хореографтарды даярлауға бағытталған.
Қазақстандық қоғамның және халықаралық мәдени-білім беру кеңістігінің сұраныстарына сәйкес келетін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктері бар бәсекеге қабілетті білікті балетмейстер өнерінің кадрларын қалыптастыру. Хореографияның әртүрлі бағыттарын зерделеу және хореографиялық өнерді танымал ету үшін пәнаралық білімді пайдалану арқылы танымға, дамуға ынталандыру үшін жағдай жасау; ұйымдастырушылық-басқарушылық, шығармашылық-сахналау қызметіне тез бейімделе білу. Білім беру бағдарламасы түлекке заманауи қазақстандық қоғам мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес келуге, ұлттық би мәдениетін сақтауға және насихаттауға, дағдылар мен білімдерді меңгеруге, халықаралық тануға қол жеткізуге мүмкіндік береді
бағдарлама туралы толығырақҚойылымдық:
Шығармашылық қызмет:
Ұйымдастырушылық-шығармашылық қызмет:
Басқару қызметі:
Ұйымдастырушылық-білім беру қызметі:
Зерттеу қызметі:
Қазақстанда өнер мен білім беруді дамытудың қазіргі деңгейіне сәйкес қоғам мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін хореография саласында бәсекеге қабілетті кадрлар сұранысқа ие. Білім беру бағдарламасы практикалық және теориялық курстарды игеруге, практикадан өту кезеңінде жетекші шығармашылық ұйымдармен ынтымақтастық жасауға, сондай-ақ хореографиялық өнердің отандық және шетелдік мамандарымен шеберлік сыныптарына қатысуға бағытталған.
бағдарлама туралы толығырақ