Приём
Республикалық қоғамдық штаб ұйымдастырған АЭС референдумын қолдау мақсатында кездесу Қазақ ұлттық хореография академиясында өтті

Бүгін референдумды қолдау мақсатында құрылған республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Қазақ ұлттық хореография академиясы ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Елдің болашағы үшін маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған шараны академия ректоры Б.Н. Нусипжанова ашып, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында: «Энергия тапшылығы күшейіп барады. Бізге экологиялық таза қуат көздері қажет!» деген еді, осыған байланысты 6 қазанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтеді және мұндай маңызды мәселені дауысқа салу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі, елдің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдау керек екендігіне тоқталды.

Кездесуге қоғамдық штаб өкілдері, атап айтатын болсақ, ҚР Парламент Сенатының депутаты Шиповских Геннадий Геннадевич, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Нұртаза Самат Русланұлы, Казанцев Павел Олегович, «Аманат» партиясының «Есіл» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жусупова Санира Орынтаевна, Астана-Энергия» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Усина Гулнур Талгатовна. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының қызметкері, техника ғылымдарының докторы Мукушева Майра Кизатовна, «Астана РЭК» АҚ бас инженері Байтуяков Наурзбек Тулкибаевич қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, маңызды ойларын жеткізді.

Кездесу барысында студенттер белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды. Олар АЭС салу мәселесіне қатысты көптеген қызығушылықтар танытып, түрлі аспектілерді талқылауға белсенді түрде атсалысты. Студенттердің сұрақтары энергетикалық қауіпсіздік, экология және жаңартылатын энергия көздері секілді тақырыптарға арналды. Бұл жастардың елдің энергетикалық саясатына деген жауапкершілігін, сондай-ақ өздерінің болашақтары үшін алаңдайтынын көрсетті.

Студенттердің белсенділігі мен қатысуы еліміздің болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар өз пікірлерімен бөлісіп, талқылауға қатыса отырып, ұлттың әрбір мүшесі үшін маңызды мәселелерге ықпал ете алады.

Референдум – халықтың дауысы! Кездесу барысында қатысушылар елдің энергетикалық саясатын қалыптастыруда белсенді түрде өз пікірлерін білдірді.

Референдум2024 #ХалықтыңДауысы #Энергетика #Қазақстан #Болашақ #ХореографияАкадемиясы