Сайт бойынша іздеу
Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

Ректор

Сұрақ қою
өмірбаяны
Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ/ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ:

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.

БІЛІМІ:

1986 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы), мамандығы «Фортепиано», біліктілігі «оқытушы, концертмейстер»;
2007 ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аспирантурасы, мамандығы «Кәсіптік білім теориясы мен әдістемесі»

ҚЫЗМЕТІ:

1984-1989 жж. – Ә. Қашаубаев атындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің педагог-концертмейстері
1989-1998 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің музыкалық аспаптар кафедрасының фортепиано оқытушысы
1998-2000 жж. – Ә. Қашаубаев атындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің педагогы
2000-2009 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада өнері кафедрасының аға оқытушысы, театр өнері және эстрада факультеті деканының орынбасары, музыкалық өнер факультетінің деканы;
2009-2014 жж. – Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры;
09.2014 – 06.2018 жж. - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
06.2018-11.2022 жж. Қазақ ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры, проректоры;
2022 жылғы 15 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры болып тағайындалды
2024 жылғы 18 қазаннан бастап - Дүниежүзілік би білімі Альянсы төрағасының орынбасары (Бейжің қ., ҚХР)

ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

63 ғылыми еңбек жарық көрді, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар 6 мақала, БҒСБК-ға кіретін журналдарда 21 мақала, халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 22 мақала, 1 монография, ұжымдық монографияда 3 мақала, алыс және жақын шетел журналдарында 4 мақала, қазақстандық ғылыми журналдарда 7 мақала.

МАРАПАТТАРЫ:

2015 - «Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығының лауреаты;
2015 - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
2015 - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
2016 - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
2024 - Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
2025 - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
2025 - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалі.

СҰРАУ архиві