Шығармашылық қойылымның егжей тегжейіне деген қызығушылықтың болуы кездейсоқ емес еді, өйткені басты кейіпкерлердің бірі Жошы хан – Ұлы дала кіндігі Ұлытауда Жошы ұлысының ордасын тіккен хан, Шыңғыс қағанның үлкен ұлы оқиғасы туралы баяндалды.
Қоюшы режиссер Болат Ұзақовтың айтуынша, қойылым патриоттық сипатқа ие. Біз ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызды айтып қана қоймай, осыны сахна арқылы жас ұрпаққа жеткізгіміз келеді.
Режиссер «Шыңғыс хан ордасы» және «Қазақ Ордасы» атты екі бөлімнен тұратын спектакль туралы жан-жақты айтып берді. Қазақ тарихы Жошы ұлысының құрылуынан басталуы керек. Қойылымда өткен жылдар даналығын арқау еткен қызықты сәттер көп дейді Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері.
Актерлар спектакльдегі кейіпкерлер мен кейіпкер рөліне түсуде қандай қиындықтарға тап болғаны туралы толығырақ айтып берді. Айта кетерлігі, «Жошы хан» тарихи драмасын қою кезінде сахнада 3D технологиялары қолданылған. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады.