Сайт бойынша іздеу
Открылся клуб книголюбов «Алтын ұя kclub»

2024 жылдың 24 қаңтарында Алтын ұяның 1-қабатында «Алтын ұя kclub» атты кітап оқу клубы ашылды. Кітап оқу клубтары бүкіл әлемде бар болғандықтан және біздің балалар кітап оқығанды ұнатқандықтан, біздің Алтын ұяда ашуды ұйғардық. Кітап оқу клубы өз жемісін береді деген ойдамыз. Мақсаты: Балалардың әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға қызықтыру. Кітаптарды ұқыпты, күтіп, қадірлеп ұстау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын кітап арқылы толықтыру. Әдеби кейіпкерлердің мысалында балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңдіру.