алдын ала қарау және әңгімелесу – 11 наурыз – 31 мамыр
консультациялар – 23-28 маусым
шығармашылық емтихандарға онлайн тіркеу – 20 маусым – 6 шілде
шығармашылық емтихандар – 7-15 шілде
құжаттарды қабылдау – 10-25 тамыз
академияға оқуға қабылдау – 10-25 тамыз
Алдын ала қарау
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына (бакалавриат) түсушілер үшін ағымдағы жылдың 11 наурызынан 31 мамыры аралығындағы кезеңде шығармашылық емтихан басталғанға дейін:
Хореография өнерінің педагогикасы;
Балетмейстер өнері;
Спорттық бал биінің педагогикасы
шығармашылық емтихан бағдарламаларында жазылған оқуға түсушіге қойылатын талаптарды ескере отырып, шығармашылық емтихандарға жіберу үшін алдын ала қарау және әңгімелесу жүргізіледі.
Ол үшін келесі білім беру бағдарламаларына түсушілер:
1) Хореография өнерінің педагогикасы немесе Балетмейстер өнері төмендегі сайтта орналастырылған бейне үлгілеріне сәйкес классикалық, халықтық-сахналық, қазақ билері бойынша комбинацияларды практикалық орындаумен бейнематериал дайындауы тиіс (3 би);
2) Спорттық бал биінің педагогикасы еуропалық және латынамерикандық би бағдарламалары (2 би) бойынша комбинацияларды іс жүзінде орындай отырып, бейнематериал дайындауы тиіс.
Бейнематериалды алдын-ала MP4 /AVI форматында (ажыратымдылығы кемінде 1280×720) әр түрлі арнайы эффектілерді қолданбай түсіру керек.
Бейнематериалды комиссияның алдын ала қарауы үшін Академияның қабылдау комиссиясының электрондық мекенжайына жіберу қажет (admissions-vpo@balletacademy.kz). Материалдарды қарау қорытындысы бойынша комиссияның шешімі түсушінің электрондық мекенжайына жіберіледі, онда ол онлайн әңгімелесуге шақырылады.
Әңгімелесулер әр жұма сайын алдын ала қарау мерзімдері бойынша өткізіледі. Әңгімелесу қорытындысы бойынша оқуға түсуші шығармашылық емтихандарға жіберіледі.
Шығармашылық емтихандарға дайындалу үшін рұқсат алған оқуға түсушілерге консультациялар ұйымдастырылады, онда шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі түсіндіріледі, шығармашылық емтихандарды тапсыру рәсімі (емтихандардың басталуы мен аяқталуы, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны, апелляция рәсімі) түсіндіріледі.
Шығармашылық емтихандарға дайындық бойынша консультацияларға қатысу міндетті.
Шығармашылық емтихандарға шығарылатын классикалық, халықтық-сахналық және қазақ билері бойынша экзерсистердің практикалық көрсетілімінің бейнесі консультацияларда ұсынылатын болады.
Бейнематериалдарды жазу кезіндегі киім нысаны жаттығу киімі, кәсіби сахналық аяқ киім (жұмсақ классикалық):
қыздар үшін: купальник, трико және белдемше, ұқыпты жиналған шаш;
жас жігіттер үшін: футболка және трико.
Бейнематериалдардың үлгілері.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны
Шығармашылық емтихан бағдарламалары
Консультация кестесі
Шығармашылық емтихандар кестесі
Шығармашылық емтихан нәтижелері
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түскендердің тізімі