Академия шетелдік азаматтарға бірнеше форматтар мен оқу деңгейлерін ұсынады
«Хореографиялық өнер» мамандығы бойынша қосымша білім беру бағдарламасы, «Балет әртісі» біліктілігі, оқу мерзімі 1 жыл, 14 жастан бастап (жалпы орта білім беру және балет саласындағы білім деңгейін растау қажет)
«Хореография өнері» мамандығы, «Балет әртісі» біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім, оқу мерзімі 7 жыл 10 ай
«Хореография өнері» мамандығы, «Би ансамблінің әртісі» біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай
«Хореография» траекториялар бойынша:
- «Балетмейстер өнері», оқу мерзімі 4 жыл;
- «Хореография өнерінің педагогикасы», оқу мерзімі 3 және 4 жыл;
- «Спорттық бал биінің педагогикасы», оқу мерзімі 4 жыл.
«Арт-менеджмент», оқу мерзімі 4 жыл.
«Өнертану», оқу мерзімі 4 жыл.
Магистратурада оқу мерзімі келесі білім беру бағдарламалары бойынша 2 жыл:
- Хореография
- Арт-менеджмент
- Өнертану
Докторантурада оқу мерзімі келесі білім беру бағдарламалары бойынша 3 жыл:
- Хореография
- Өнертану
Визалық режим: егер шетелдік студент Қазақстан Республикасымен визалық режим бар елдің азаматы болса, онда С9 санаты бойынша оқуға виза алу қажет. Бұл виза бірнеше рет кіру мүмкіндігімен бір жылға жарамды және жыл сайын жаңартылуы керек.
Виза алу үшін құжаттар тізімі:
1. визалық қолдау нөмірі бар қабылдаушы тараптың шақыру хаты;
2. жарамдылық мерзімі сұралған визаның қолданылу мерзімінен 6 айдан ерте емес және визаны өңдеу үшін кемінде 2 бос беті бар төлқұжат;
3. толтырылған визалық өтініш нысаны (визалық және көші-қон порталының веб-сайтында немесе тиісті тұрғылықты елдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің/консулдығының веб-сайтында жарияланған);
4. түсті фотосурет өлшемі 3,5х4,5;
5. консулдық алымның төленгені туралы түбіртек;
6. Қажет болған жағдайда қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
Визасыз режим: Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу туралы келісім жасасқан мемлекеттерден (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) келген шетелдік студенттер Қазақстан аумағында уақытша тұруға рұқсат алуы керек (УТР). Оқу мақсатында уақытша тұруға рұқсат бір жылға беріледі және жыл сайын ұзартылады.
Шетелдік азаматтар мемлекеттік шекарадан әр өткен сайын және Қазақстан Республикасындағы уақытша тұру мекенжайын өзгерткен жағдайда тиісті тіркеу рәсімдерін жүргізу үшін ҮШ жұмыс күні ішінде қабылдаушы тарапқа хабарласуы қажет. Академияға келетін шетел азаматтары үшін УТР алу және келу туралы хабарламаны беру тәртібін Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі (телефон: +77172 790 869) жүзеге асырады.
Қабылдау туралы ақпаратты қабылдау бөлімінен таба аласыз немесе бізге жаза аласыз.