Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері ғылыми-зерттеу байқаулары мен ғылыми іс-шараларға қатысу барысында жоғары нәтижелер көрсетті.
Саида Саттыбаева, Рустем Амирбеков және Айнель Жалгасова «Bilim-Örkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «BEST STUDENT – 2025» байқауының жеңімпаздары атанды.
Байқауға қатысу студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіндегі белсенділігін, кәсіби дамуға ұмтылысын және академиялық ортаға қызығушылығын көрсетті.
Жеңімпаздарды жоғары жетістіктерімен құттықтап, ғылыми және шығармашылық қызметтеріне табыс тілейміз!