2026 жылғы 23 сәуірде Академияда докторанттардың кезекті ғылыми семинары өтті. Семинар аясында 8D02108 – «Хореография» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Асанова Мадина Рахимжановна «Спорттық бал биіндегі жеке орындаудың әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу жұмысын таныстырды.
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.д., профессор Кульбекова А.К.
Семинар барысында докторант зерттеудің негізгі бағыттары мен өзектілігін таныстырып, ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Қатысушылар зерттеудің әдіснамалық негіздерін, тақырыптың даму перспективаларын және ғылыми жұмыс барысында туындайтын мәселелерді талқылады.
Семинар белсенді кәсіби пікірталас форматында өтіп, қатысушыларға ғылыми тәжірибе алмасуға, пікір білдіруге және диссертациялық жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.
Іс-шараға Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен барлық курс докторанттары қатысты.