Сайт бойынша іздеу
Психологиялық тренинг: өз эмоционалдық күйімен жұмыс істеу

Қорытынды бақылау мен семестрдің аяқталуы қарсаңында Академияда студенттердің эмоционалдық күйімен жұмыс істеуге арналған психологиялық тренинг өтті. Шараның мақсаты — оқу жылының ең жауапты кезеңінде қатысушыларға күйзеліс пен стрессті жеңуге көмектесу.

Тренинг барысында студенттер:

  • Эмоциялардың табиғатын және олардың оқу процесі мен күнделікті өмірге әсерін талдады.
  • "Үй-Ағаш-Адам" тестін орындады — бұл ішкі сезімдерді тереңірек түсінуге көмектесетін шығармашылық тапсырма.
  • Қарындашпен сурет салу техникасын қолданды — эмоционалдық шиеленісті азайтуға және ішкі үйлесімділікті табуға арналған қарапайым әрі қызықты тәсіл.

Бұл жаттығулар студенттерге күйзеліс ойлардан арылып қана қоймай, күрделі жағдайларда эмоцияларын басқарудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік берді.

Семестрдің аяқталуына орай тренингтер ұйымдастыру — студенттердің психоэмоционалдық денсаулығын қолдауға бағытталған стратегиямыздың бір бөлігі. Стресспен күресу қабілеті табысты оқу мен тұлғалық дамудың маңызды дағдысы екеніне сенімдіміз.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз! Қорытынды бақылау кезеңінде және болашақта сабыр мен сенімділік тілейміз!