Сайт бойынша іздеу
Вебинар: халықаралық ғылыми журналдарда жариялануға алғашқы қадамдар

2025 жылғы 28 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясында «Халықаралық рецензияланатын журналда ғылыми мақаланы жариялауға алғашқы қадамдар» тақырыбында вебинар өтті.

Спикер – Ксения Хамина-Котиш, PhD, ғалым және білім беру кеңесшісі, Вена медициналық университетінің (Австрия) PhD бағдарламасының түлегі.

Вебинар барысында Ксения жас зерттеушілерге халықаралық Scopus және Web of Science деректер базаларында мақалаларын жариялауға дайындалу бойынша практикалық кеңестермен бөлісті. Қатысушылар журналды дұрыс таңдаудың тәсілдерін, ғылыми мақаланың құрылымы мен рәсімделуіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мақаланы жіберу кезінде жиі кездесетін қателіктерді талқылады.

Кездесуге Академияның оқытушылары, магистранттары мен докторанттары қатысты. Вебинар соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар ғылыми жазудың өзекті мәселелерін, «өнер мен мәдениет» бағыты бойынша журнал іздеу жолдарын және жеке зерттеу портфолиосын қалыптастыру стратегиясын талқылады.