2026 жылы 29 сәуірде сағат 11:00-де ҚР ҒЖБМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, ғылымы мен білімінің бастауында тұрған, ҚазКСР Ғылым академиясының негізін қалаушылардың бірі, әйгілі композитор, дирижер, музыка саласының тұңғыш академигі АХМЕТ ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВТЫҢ туғанына 120 жыл толуына орай «Ахмет Жұбанов және қазіргі замандағы музыкатану ғылымы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Өткізілу форматы: Конференция – online және offline форматта өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Конференцияға қатысу тәртібі: конференция жұмысына баяндамамен жүздесе қатысуға; стенд баяндамалары арқылы; сырттай қатысуға (конференция материалдар жинағында мақала жариялауға) болады.
Конференцияға қатысуға өтінім 2026 жылдың 18 наурызына дейін https://docs.google.com/forms/d/157VGEiDa7a6NoLigBNe2F0MR4EBT9oJGPsA XtvuEIL8/edit сілтемесімен Google form арқылы қабылданады.
Мақаланы ұйымдастыру комитетіне 2026 жылдың 25 наурызына дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
E-mail: muzykatanubolimi@gmail.com