ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру: құндылықтар, этика және тәжірибе»
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ) және «Астана Хаб» дербес кластерлік қорының Орал қаласы бойынша филиалы (Batys hub) жоғары оқу орындарының оқытушыларын, мектептер мен колледждердің педагогтарын, зерттеушілерді, магистранттарды, докторанттарды, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы мамандарды «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру: құндылықтар, этика және тәжірибе» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Конференция педагогика ғылымдарының докторы, әдіснамашы-ғалым, профессор Мұханбетжанова Әлия Меңдешқызының туғанына 75 жыл толуына арналады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 24 сәуір
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс
Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру: құндылықтар, этика және тәжірибе