2025 жылдың 20–22 қарашасы аралығында «Жаһандық сын-қатерлер дәуіріндегі қоғамдардың трансформациясы: әлеуметтік динамиканың еуразиялық контексттері» атты Түркі әлемі әлеуметтанушыларының IV халықаралық конгресі өтеді.
Конгрестің ұйымдастырушылары – Қазан (Еділ бойы) федералды университеті және Азия университеттері қауымдастығы. Конгресс аясында «Болашақ ғылымы мен білімі: халықаралық ынтымақтастықтың жаңа формалары» атты дөңгелек үстел өтеді (Азия университеттері қауымдастығы мүшелерінің кездесуі аясында).
Конгреске қатысуға шақырамыз.
Конгресс бағдарламасы және қосымша ақпарат қоса берілген құжаттарда ұсынылған.