Сайт бойынша іздеу
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) конкурсы

Сіздерді Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсына қатысуға шақырамыз.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

I кезең – жоғары оқу орны ішілік кезең

II кезең – базалық жоғары оқу орындарының базасында

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  1. студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
  2. ең талантты және дарынды студенттерді анықтау, іріктеу және қолдау;
  3. Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Конкурсқа барлық курс студенттері қатыса алады.

Жоғары оқу орны ішілік кезеңге жұмыстарды тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 11 наурызға дейін. Конкурсқа қатысу үшін Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және аккредитация бөліміне (470-кабинет) келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы;
  2. Ғылыми жетекшінің пікірі.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдар қоса беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және аккредитация бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.