Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА) мен Халықаралық трансұлттық білім беру қауымдастығы (ITEA, Малайзия) бірлесіп ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттар мен магистранттарды, жобалау және құрылыс ұйымдарының өкілдерін, IT-компанияларды, мемлекеттік органдарды және креативті индустрия өкілдерін 2026 жылғы 13-14 сәуірде Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін «Креативті экономика үшін цифрлық сәулет, құрылыс және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.