Сайт бойынша іздеу
Өнер саласындағы жас ғалымдар арасында «Үздік ғылыми жарияланым» республикалық байқауына өтінім қабылдау басталды

Қазақ ұлттық хореография академиясы «Үздік ғылыми жарияланым» республикалық байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Байқау Академияның 10 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп, жас зерттеушілерді қолдау, ғылыми ынтымақтастықты дамыту және өнертану саласындағы зерттеулерді ілгерілету мақсатын көздейді.

Қатысуға кімдер шақырылады?

• Магистранттар • Докторанттар (PhD және профильдік доктор)

Даярлық бағыттары: • хореографиялық өнер тарихы • хореография педагогикасы • өнертану • заманауи мәдениет • өнер және білім беру менеджменті • әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар

Негізгі ақпарат • Өткізу форматы: қашықтан • Мақала тілі: қазақ, орыс, ағылшын • Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтарға дейін • Ғылыми мақаланы тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 5 ақпанға дейін • Әр қатысушы бір ғана жұмыс ұсына алады • Барлық материалдар рецензиядан өтеді • Мерзімінен кеш берілген немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген мақалалар қарастырылмайды

Марапаттау және жариялау

Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Сарапшылар ұсыным берген үздік жұмыстар Академияның ғылыми журналы «Arts Academy» басылымында жарияланып, Академия сайтында қолжетімді болады.

Өтінім формасы (Қосымша 1) төмендегі электрондық поштаға жіберіледі:

otdel_nauka16@mail.ru

Байқау ережесі осы хабарландыруға қоса беріледі.

Байланыс ақпараты

Қазақ ұлттық хореография академиясы

Астана қ., Ұлы Дала даңғ., 43/1

Тел.: +7 (717) 279-08-57

E-mail: otdel_nauka16@mail.ru

Положение ЛУчшая научная публикация ИНФ ПИСЬМО конкурс публикаций 2026