Сайт бойынша іздеу
«Өнер – Тәуелсіздіктің тынысы: 35 дерек» Reels медиа-байқауы туралы хабарландыру

Қазақ ұлттық хореография академиясы «Өнер – Тәуелсіздіктің тынысы: 35 дерек» атты Reels медиа-байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – қазақстандық мәдениет пен өнердің маңызды жетістіктерін дәріптеу, жастардың ұлттық өнер мен мәдени мұраға құндылық тұрғысынан көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ Академияның хореография және өнерді дамытудағы рөлін кеңінен таныту.

Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 1–27 қазан.

Қорытынды шығару: 2025 жылғы 31 қазан.

Байқауға Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатыса алады.

Байқау жұмыстары – мәдениет, тарих және өнер тақырыбына арналған ұзақтығы 1–3 минуттық, тік форматтағы (9:16) Reels бейнежазбалар.

Конкурсқа қатысу үшін бейнелер жеке Instagram парақшасында жарияланып, міндетті түрде Академияның ресми парақшасы @nauka_balletacademy белгіленуі тиіс. Хэштегтер:

#НаукаВАкадемии #nauka_balletacademy #конкурсхореографияReels

Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Үздік жұмыстар Академия медиатекасына енгізіліп, білім беру және мәдени жобаларда пайдаланылады.