Ғалымдардың жеке жарияланымдық стратегиясын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу мақсатында түрлі ғылыми бағыттар бойынша «Жас зерттеуші мектебі» жобасы бастау алады.
Жобаның форматы: спикердің семинарлары/шеберлік сабақтары + ғалымдар клубы (15 адамға дейін), апта сайынғы офлайн кездесулер, сондай-ақ жеке консультациялар (онлайн/офлайн).
Жоғары жарияланымдық белсенділігі бар тәжірибелі ғалымдар қатарынан шақырылған спикер ғылыми мақалалар мен шолуларды жариялау үдерісі бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңес береді.
Жоба қорытындысы бойынша күтілетін нәтиже: әр қатысушыдан «Scopus» базасына енген басылымда кемінде 1 мақала жариялау.