Сайт бойынша іздеу
SDSN Қазақстан конференциясы «Тұрақты даму мақсаттарына жетуді жеделдету: ғылым, әріптестік және іс-қимыл»

Сізді SDSN Қазақстанның 4-ші конференциясына — «Тұрақты даму мақсаттарына жетуді жеделдету: ғылым, әріптестік және іс-қимыл» атты іс-шараға қатысуға шақырамыз. Конференция 2026 жылдың 22-23 қазанында Atrium AlmaU-да өтеді (Алматы қ., Розыбақиев к-сі, 227).

Іс-шараның мақсаты — Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетуді жеделдетуге бағытталған ғылыми білімдермен, үздік тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін халықаралық алаң қалыптастыру болып табылады. Конференция мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, университеттер, ғылыми орталықтар, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы салааралық әріптестікті дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы табысты бастамаларды кеңейтуге арналған практикалық ұсынымдар әзірлеуге ықпал етуі тиіс.

ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО 28.08.