Сіздерді Түркі халықтарының музыкалық бренді, Түркі халықтары мәдениетінің амбассадоры – «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:
- «ТURAN» ансамблінің қазақстандық музыкалық өнер мен педагогиканың дамуына қосқан үлесі;
- «ТURAN» ансамблі шығармашылығының қазіргі заманғы театр, кино, хореография, ұлттық киім және менеджментпен байланысы;
- Жаңа формат: заманауи этно-фольклорлық топтардың ұлттық бірегейлікті тәрбиелеу мен трансформациялаудағы рөлі;
- Қазіргі түркі әлемі музыкасының панорамасындағы және мәдениетаралық өзара әрекеттесудегі «Тұран» ансамблінің орны;
- Этно-фольклорлық топтар және этникалық музыкалық аспаптардың дамуы.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, педагогтар, магистранттар мен докторанттар және студенттер шақырылады.
Астана, 10 сәуір, 2025 жыл
Сағат 10.00 (GMT +5)
Хат