ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты шығармашылық кадрларды даярлайтын 10 оқу орны бар. Жалпы білім алушы саны 10 мыңнан асады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
▪️Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; ▪️Қазақ ұлттық хореография академиясы; ▪️Қазақ ұлттық өнер университеті; ▪️Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
Колледждер:
▪️ Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі; ▪️А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі; ▪️О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі; ▪️П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.
Мектептер:
▪️ К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ; ▪️А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ.
ҚР МАМ басым бағыттарының бірі – бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, сапалы, мәдениетке қызмет ететін кадрлар даярлау. МАМ-ға қарасты оқу орындарының 2428 педагогы білім алушыларды 223 білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды. Оның ішінде 4 ЖОО 148 білім беру бағдарламасы бойынша, колледждер 75 бағдарлама бойынша білім береді.
2023-2024 оқу жылында 1205 түлек жоғары оқу орын дипломын алады (өнертану – 59, хореография – 6, актерлік өнер – 85, сценография – 51, вокалдық өнер – 21, кино және ТВ режиссурасы – 16, театр режиссурасы – 20, арт-менеджмент – 8, операторлық өнер -7, анимация режиссурасы – 28, медиажурналистика – 19, мүсін – 9, театр және кино макияжы -12, монументалды кескіндеме – 2, хореография педагогикасы-15, композиция-7, аспаптық орындау – 8, дирижерлік – 14, оркестрлік дирижерлік -15, музыкатану – 32, ойын емес кино режиссурасы – 11, дәстүрлі жыр (айтыс) – 8).
Тағы 658 түлек колледж бітірді (драма театрының әртісі – 61, қуыршақ театрының әртісі – 20, цирк әртісі-14, хор әртісі – 23, балалар музыкалық мектеп оқытушысы – 8, мүсінші-суретші – 9, декоратор-суретші -5, графикалық дизайнер -4, хореограф – 28, би ансамблінің әртісі – 42, вокалдық өнер – 15, дыбыс-операторлық шеберлік – 6, хор дирижерлігі – 13).
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі