2024 жылғы 12 желтоқсанда Академия қабырғасында ҚР көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша шетелдік білім алушылармен және оқытушылармен кездесу өтті.
Қазіргі уақытта академияда Ресейден, Қырғызстаннан, АҚШ-тан, Жапониядан, Өзбекстаннан, Эстониядан және т.б. елдерден академиялық ұтқырлық шеңберінде келген 26 шетелдік білім алушы оқиды.
Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Л.Д. Нұржанова 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңына және ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2016 жылғы 30 желтоқсандағы "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" ҚР Заңына сәйкес шетелдік азаматтардың ҚР-да болуы және тіркелуі жөніндегі негізгі ережелерді түсіндірді.
Бөлім қызметкерлері Академияға оқуға келген шетелдік студенттерді көші-қон органдарында тіркеу, оның ішінде уақытша тұруға рұқсат алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді, сондай-ақ болу мерзімдерін бұзуға жол бермеуді бақылауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, бөлім қызметкерлері ұзақ мерзімге қазақстандық виза алуды талап ететін шетелдік азаматтар үшін визалық қолдау нөмірін алу үшін көші-қон органдарына қажетті құжаттарды беруді жүзеге асырады.