2025 жылдың 20 ақпаны мен 28 наурызы аралығында Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың осал жерлеріне ішкі талдау жүргізіледі. Іс-шараны Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Каирбекова М.Р. өткізеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Агенттік төрағасының сыбайлас жемқорлықтың осал жерлеріне ішкі талдау жүргізу ережелері бойынша бұйрығымен бекітілген Типтік ережелердің 4-тармағына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Типтік ереженің 15-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:: • құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық осал тұстарынанықтау; • құрылымдық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлықтың оса тұстарын анықтау.
Талдау аяқталғаннан кейін нәтижелер, соның ішінде анықталған сыбайлас жемқорлық осал жерлерін жою бойынша ұсыныстарды қамтитын аналитикалық баяндама Академияның ресми сайтында жарияланады.