Бүгін Академия қабырғасында қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова туралы танымдық деректі фильм көрсетілді. Оқушылар қазақ өнерінің дарабозы туралы мағыналы ақпарат алып, оның шығармашылығымен жақынырақ танысты. Концертте 3 «А» сынып оқушысы Маратқызы Сафияның орындауындағы «Қазақпын» әні көпшіліктің жүрегіне жылы тиді. Оның шынайы орындаушылық шеберлігі көрермендерден зор қошеметке ие болды.
Іс-шара өте әсерлі, тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті. Оқушылар ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, қазақ музыкасының құдіретін тереңірек сезінді.