К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер факультетінің 15 жылдық мерейтойы аясында Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушылары мен білім алушылары қатысқан екі ірі іс-шара өтті.
Алғашқы іс-шара – «Мәдени трансформациялар жүйесіндегі арт-менеджмент» дөңгелек үстелі 2025 жылғы 24 қарашада өтті. Қатысушылар өнер мен мәдени басқарудағы заманауи тенденцияларды талқылады. Академия магистранттары арт-менеджменттің өзекті бағыттары бойынша зерттеулер ұсынды:
Жұмыстар профессор Жанат Бабажанованың жетекшілігімен орындалды.
Сондай-ақ өңгелек үстелде докторант Саида Саттыбаева («Ұлттық мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудегі арт-менеджменттің рөлі: Қазақстанның заманауи өнеріндегі имидж бен стиль тұжырымдамалары», жет., профессор Гульнара Джумасеитова) және магистрант Ильяс Нургазинов («Пәнаралық жобалар – түлектің кәсіби тірегі», жет., профессор Александр Пягай) баяндама жасады.
Іс-шара жас зерттеушілердің Қазақстанның арт-менеджментін дамытудағы өсіп келе жатқан рөлін атап өтті.
Екінші маңызды оқиға – 2025 жылдың 25–26 қарашасында Қазақ ұлттық өнер университетіңде өткен арт-менеджмент саласында мамандар даярлау бағыты бойынша III Халықаралық студенттік байқау болды.
4 курс білім алушысы Ляззат Аманғазы аға оқытушы Альмира Кулмаганбетованың жетекшілігімен жүлделі 3-орынға ие болды.
Академия ұжымы Ляззат Аманғазыны құттықтап, зор денсаулық, шабыт және шығармашылық табыс тілейді!