Сайт бойынша іздеу
Академия докторанты Балжан Нұрбосынованың Грузияда өткен ғылыми тағылымдамасы жайлы

2025 жылғы 20 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Балжан Нұрбосынова өзінің ғылыми жетекшісі Саитова Гульнара Юсуповна мен оқытушылар құрамына Грузияда өткен ғылыми тағылымдамасының нәтижелерімен бөлісті. Тағылымдама Батуми мемлекеттік өнер университетінің базасында өтті.

Тағылымдама 2025 жылғы 16 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында докторант диссертациялық жұмысының теориялық-әдістемелік негізін тереңдетіп, эмпирикалық материал жинап, оны талдады. Грузия тарапынан тағылымдама жетекшісі ретінде ортағасырлық өнер саласының жетекші маманы — профессор Майя Чичилейшвили болды.

Балжан Нұрбосынова Батуми мен Тбилисидегі маңызды көрме және музей кеңістіктерін — Batumi Digital Space, Contemporary Art Space, Аджария мемлекеттік өнер музейі және Tbilisi Digital Space орталықтарын аралап, Қазақстан мен Грузиядағы цифрлық өнердің көркем баяндау тәсілдерін салыстырмалы түрде зерттеді.

Сонымен қатар, ол Сухуми мемлекеттік университеті ұйымдастырған «XXI ғасырдағы филология және мәдениеттер диалогы мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, «Қазақстандағы цифрлық визуалды өнер: Instagram дәуірінің баяндаулары» тақырыбында баяндама жасады.

Балжан Нұрбосынова бұл тағылымдаманың кәсіби және ғылыми дамуына елеулі әсер еткенін, таным көкжиегін кеңейтіп, болашақтағы ғылыми-зерттеу және жарияланымдық қызметіне серпін беретінін атап өтті.