Сайт бойынша іздеу
Академия докторанты ГИТИС-те ғылыми тағылымдамадан өтуде

2026 жылғы 19 сәуірден 18 мамыр аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясының «Хореография» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Дана Қуанышбекова Ресей театр өнері институты – ГИТИС-те (Ресей Федерациясы) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Тағылымдама аясында тарихи-тұрмыстық биді оқыту әдістемелерін зерттеу, архивтік және оқу-әдістемелік материалдарды жинақтау, сондай-ақ хореографиялық білім беру мен классикалық мұраны сақтау саласында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағылымдаманың алғашқы күндерінде Академия докторанты ГИТИС-тің балетмейстерлік өнер кафедрасында болып, өнертану докторы, профессор Анна Груцынова жүргізген орыс және шетел балетінің тарихына, Мариус Петипа шығармашылығына және романтикалық балет театрының дамуына арналған дәрістерге қатысты.

Сонымен қатар Дана Қуанышбекова бейнелеу өнерінің тарихы, материалдық мәдениет, костюм және тұрмыс тарихы бойынша Лариса Горбачева оқыған дәрістерге қатысып, «Дон Кихот», «Ромео мен Джульетта» және «Аққу» спектакльдерін тамашалады. Бұл оның сахналық және хореографиялық өнер саласындағы кәсіби білімін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жинақталған материалдар мен жүргізілген бақылаулар диссертациялық зерттеу мен ғылыми мақаланы дайындау барысында пайдаланылуда.