Сайт бойынша іздеу
Академияға хореограф-қоюшы Олег Игнатьев келді

2026 жылғы 2–7 ақпан аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясына хореограф-қоюшы Олег Игнатьев шақырылды. Олег Игнатьев — балет әртісі, әлемдегі жетекші классикалық би мектептерінің бірі саналатын А.Я. Ваганова атындағы Орыс балеті академиясының түлегі. Өзінің кәсіби қызметінде ол орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін, академиялық мектепті терең меңгеруін және педагогикалық тәжірибені үйлестіре отырып, классикалық хореография саласында сұранысқа ие маман ретінде танылған.

Сапар аясында Олег Игнатьев кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің білім алушылары үшін классикалық хореография бойынша қойылымдық және репетициялық жұмыстар жүргізеді.

Халықаралық балет қауымдастығының жетекші өкілдерін шақыру Академияның кәсіби даярлық сапасын арттыруға, тәжірибе алмасуға және классикалық балет мектебінің дәстүрлерін заманауи педагогикалық тәсілдермен ұштастыра сақтауға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.