Сайт бойынша іздеу
Академия мен ТҮРКСОЙ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум білім, мәдениет, өнер және ғылыми зерттеулер салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Келісім аясында тараптар бірлескен білім беру, шығармашылық және ғылыми-зерттеу бастамаларын дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға, сондай-ақ мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге ниетті.

Меморандумға қол қою кәсіби және шығармашылық өзара іс-қимылды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтауға, зерттеуге және дәріптеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға негіз қалайды.