Сайт бойынша іздеу
Академия Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлықтарын алды

2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Жобалық офисінің жетекшісі Ерлан Сатаевпен кездесу өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының миссиясы – дарынды жастарды қолдау, білім, ғылым мен мәдениетті дамыту, сондай-ақ маңызды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру.

Биыл Нұрсұлтан Назарбаев Қоры біздің Академиямызға елеулі демеушілік көмек көрсетіп, оқушыларға 10-11 сыныптарға арналған «Графика және жобалау» және 3 сыныптарға арналған «English Language for Kazakhstan» оқу құралдарын сыйлады.

Академия ұжымы Қорға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғысын білдіреді.