Сайт бойынша іздеу
Академия Олжас Сүлейменовті туған күнімен құттықтайды!

Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті қоғам қайраткері, қазақ халқының абзал азаматы Олжас Омарұлы Сүлейменовті туған күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздің мәдениетке, әдебиетке және қоғамның рухани дамуына арнаған көпжылдық еңбегіңіз Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосылған баға жетпес үлес болды. Сіздің шығармашылығыңыз, азаматтық ұстанымыңыз және Отанға деген терең сүйіспеншілігіңіз талай ұрпаққа шабыт беріп, шынайы отансүйгіштік пен ел алдындағы биік жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды.

Сіздің есіміңіз ел тарихына парасаттың, даналықтың және ұлттық рухтың символы ретінде мәңгілікке жазылды.

Сізге зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-қуат және Қазақстан игілігі жолында ұзақ ғұмыр тілейміз!