Сайт бойынша іздеу
Академия профессоры Анталиядағы Ақдениз университетінде тағылымдамадан өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Ж. Бабажанова, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «500 ғалым» тағылымдама бағдарламасы аясында Түркияның Анталия қаласындағы Ақдениз университетінің «Өнер» факультетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бұл тағылымдаманың маңызды мақсаттарының бірі – түркітілдес мемлекеттер арасындағы шығармашылық өнерге білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды кеңейту.

Алдағы оқу жылында екі оқу орнының бірлескен ғылыми жобаларын жүзеге асыру, халықаралық рейтингі жоғары журналдарда мақалалар жариялау, симпозиумдар мен көрмелер ұйымдастыру сынды мәселелер талқыланбақ. Сонымен қатар, шығармашылық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық саласында маңызды қадамдар жасалатын болады.