Назарбаев орталығында Нұрсұлтан Назарбаев қорының студенттік стипендияларына арналған республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау үшін салтанатты рәсімі өтті.
Конкурс жеңімпаздарының арасында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Ғазиза Молдахмет бар. Ол рәсімге Академияның қолдау тобымен бірге қатысты.
Бұл конкурс 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстанның талантты жастарын қолдауға бағытталған. Стипендия үздік үлгерімді, белсенді өмірлік ұстанымды ынталандыру және болашағынан үміт күттіретін жас көшбасшыларды анықтау мақсатында тағайындалған. Ол студенттерді жаңа жетістіктер мен табыстарға жетелейді.
Академияда білім ала жүріп, Ғазиза Молдахмет көптеген халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысып, орындаушылық шеберліктің, әртістік пен сахна мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетіп келеді.
Студенттің жетістіктерінің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
Академия ұжымы Ғазиза Молдахметті жеңісімен құттықтайды және оған алдағы уақытта табыс, мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыруды тілейді!