2026 жылғы 25 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясы «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын жүзеге асыру, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және студенттерді қалалық ортаны абаттандыру жұмыстарына тарту мақсатында елордадағы жоғары оқу орындарында тақырыптық апталар мен жалпықалалық сенбіліктерден тұратын экологиялық айлық өткізіледі.
Академия бұл бастамадан шет қалмай, оны белсенді түрде қолдады.
Іс-шара қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамытуға, студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ Астана қаласы аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.